24 наурыз 2015 21:46

Қазақстан президенттігіне үміткер тоғыз адам тіркеуге алынбады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан президенттігіне үміткер болған тоғыз адамның тағдыры шешілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясынан.


Қазақстан президенттігіне үміткер болған тоғыз адамның тағдыры шешілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясынан.

Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан президенттігіне алты үміткерді тіркеуге қабылдамау туралы мәселе қарастырылды: өзін-өзі ұсынған Якобжан Жүнісбековті, Қайрат Майышевті, Айгүл Өтепованы, Қанат Есжановты, Амантай Асылбекті (Амантай қажы) және Біржан Ділмағамбетті. Себеп - қазақ тілінен емтиханға келмеу немесе емтихан тапсырудан бас тарту.

Сонымен қатар, ОСК мүшелері өз үміткерлігін тіркеуден алып тастаған Мэлс Елеусізовке, Жақсыбай Бәзілбаевқа және Мұхамедрахим Құрсабаевқа қатысты оң шешім қабылдады.

Еске салайық, осы жылдың 15 наурызында Орталық сайлау комиссиясы сайлау додасына ниет білдіргендерден өтініш қабылдауды аяқтады. 16 наурызға дейін 27 өтініш берілді. 

Орталық сайлау комиссиясы осыған дейін үш үміткерді тіркеген болатын - қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты, Қазақстан коммунистік халық партиясының өкілі Тұрғын Сыздықовты, өзін-өзі ұсынған Әбілғазы Құсайыновты.  

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2015 жылдың 26 сәуірінде өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети