Қазақстан-Ресей шекарасында шампан шарабының ірі партиясы тәркіленді

14 Сәуір 2014, 11:51
0
Қазақстан-Ресей шекарасында шампан шарабының ірі партиясы тәркіленді - Фото РИА
Фото РИА

Демалыс күндері Қазақстан - Ресей шекарасында қазақстандық шекарашылар құны 10 миллион теңге болатын контрабандалық жүкті тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Орал шекара отрядының "Әлімбет авто" өткізу бақылау пунктінің бақылаушылары Ресей Федерациясының екі азаматын қолға түсірді, олар "Интернейшнл" автокөлігімен Қазақстаннан Ресейге жол тартқан.

Көлікті тексеру барысында оның ішінен түрлі маркалы арақ пен "Советское" шампан шарабы табылған. Жасырын өткізілмекші болған тауардың жалпы салмағы 9 тоннаны құрайды. Оның құны шамамен 9 миллион теңгеге бағаланып отыр. 

Бұдан бөлек, "Жайсан" шекаралық бақылау тобының шекарашылары "Бішкек - Мәскеу" бағытындағы пойыздың жолсерігі болып істейтін 30 жастағы Қырғызстан азаматын контрабандалық жүгімен бірге қолға түсірді. Ұсталған азамат құны бір миллион теңгеге бағаланған, жалпы салмағы 3,5 центнер болатын халық тұтынатын тауарлар - джинсы мен спорттық костюмдерді алып өтпек болған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай