Қазақстан Ресейдің қорғаныс саласындағы тапсырыстарын орындауға әзір

15 Тамыз 2014, 16:35
0
Қазақстан Ресейдің қорғаныс саласындағы тапсырыстарын орындауға әзір - ©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

Қазақстан Ресейдің қорғаныс саласындағы тапсырыстарын орындауға әзір. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов РФ үкіметі жанындағы әскери-өндіріс комиссиясы төрағасының орынбасары Олег Бочкаревпен кездесуінде мәлімдеді деп хабарлайды арнайы Мәскеуден Tengrinews.kz тілшісі.

Тараптар Қазақстан мен Ресей қорғанысы саласындағы өндіріс кешендерін ары қарай интеграциялау, кең көлемдегі арнайы өнімдер шығаратын біріккен өнеркәсіп пен кәсіпорындар құру сынды өзекті мәселелерді талқылады.

Серік Ахметов қазақстандық кәсіпорындардың мамандандырылуға дайын әрі оған потенциалы жеткілікті екенін атап өтті және РФ қорғаныс саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда қорғаныс өнімдерін өндіруге қатысуға ниет білдірді. Оның пікірінше, 2014-2016 жылдарға арналған Қазақстан мен Ресейдің әскери-техникалық саладағы әріптестігіне қатысты біріккен жұмыстар бағдарламаны жүзеге асыруға ықпал ете алады.

"Өздеріңіз білетіндей, аталған бағдарламада қару-жарақ және әскери техниканы өндіру, күрделі жөндеуден өткізу және қайта қалпына келтіру бойынша өндіріс құруда біріккен жобаны жүзеге асыру жағы қарастырылады" деді министр.

Еске сала кетелік, жуырда Ахметовті Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қабылдаған болатын. Елбасы оны қазақстандық кәсіпорындардың оқ-дәрі өндірісі, қару-жарақ және әскери техника тасымалында сенімді бағыттарды анықтау мәселелеріне назар аудартқан еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай