22 қаңтар 2016 19:13

Қазақстан саумал сусыны арқылы миллиард доллар таба алады - Мамытбеков

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com/minagri.kz © facebook.com/minagri.kz

Саумал ұлттық сусынымыз ірі валюталық табыс көзіне айналмақ. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Facebook желісінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Саумал ұлттық сусынымыз ірі валюталық табыс көзіне айналмақ. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Facebook желісінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"2015 жылдың жаз айларында Қарағанды облысында бие сүтінен өнім шығаратын өндіріс іске қосылған. Ол туралы фейсбуктегі парақшамда жазған болатынмын. Енді сол зауыттың өнімі шыға бастады. Зауыт жылына шамамен 10 тонна өнім - құрғақ саумал (бие сүті) шығарады", - деп жазды министр өз парақшасында. Сонымен қатар, министрдің айтуынша, кәсіпорын тек бір жылдың өзінде өнім көлемін 2 есеге ұлғайтуды жоспарлап отыр. 1 тонна өнім шығару үшін шамамен 10 тонна бие сүті қажет екен.

Шетелде бұл өнімге сұраныс өте үлкен, сондықтан өнімнің басым бөлігі экспортқа шығарылады. Сатылу бағасы - келісіне 200 доллар. "Зауыт иелері "Saumed" сауда белгісін тіркеп, өнімді осы брендпен сатпақшы. Биенің сүтінен жасалған осындай өнім уақыт өте келе Ұлы дала елінің ұлттық тауары мен нағыз брендіне айналатынына кәміл сенемін. Бүгінгі күні елімізде 2 млн. басқа жуық жылқы бар (бұл 1991 жылғы жылқы санынан 20 пайызға артық). Оның ішінде 100 мың биенің сүті ғана осы өнімді шығаруға жіберілсе, табысымыз 1 миллиард долларды құрайтын болады. Сондықтан саумал ұлттық сусынымыз ғана емес, ірі валюталық табыс көзіне айналмақ", - деп жазды Мамытбеков.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети