Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қазақстан саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуда

31 Мамыр 2014, 13:56
0
Қазақстан саяси репрессия құрбандарын еске алуда
Қазақстан саяси репрессия құрбандарын еске алуда

Бүгін Қазақстанда саяси репрессия құрбандарын еске алу күні деп белгіленген. Саяси қуғын-сүргін құрбандары Президенттің 1997 жылдың 5 сәуірдегі бұйрығынан соң жыл сайын 31 мамырда еске алынады. Сол кезеңде халқымыздың басым бөлігі қасаң да қатаң мемлекеттік саясаттың құрбанына айналды. Миллиондаған совет азаматтары репрессияға ұшырады.

 

Кеңес билігінің бастапқы жылдарында аграрлық, көшпелі ел түбегейлі өзгеріске ұшырады. Жаппай индустрияландыру мен қала санының артуы шаруалардың материальдық ресурсының жойылуына әкеліп соқты. Қазақстан компартиясының көшбасшысы Филипп Голощекин 1927 жылы "Кіші Қазан" төңкерісін жариялады. Бұл ұжымдастыру мен көшпелі қазақтың отырықшылық өмірге бейімделуін танытты. Асыра сілтеу мен халықтың қолындағы малды тартып алып қою салдарынан 1932-33 жылдары Қазақстанда бір жарым миллион адам көз жұмды. 600 мыңға жуық қазақ елін тастап, көшіп кетті. Биліктің мұндай саясаты кей өңірлерде қарулы бас көтеруге әкеп соқты, алайда ол аяусыз басып-жаншылды.

Зиялы қауым партия қайраткерлерінің қателігі мен асыра сілтеуін қатты сынға алды. Кеңес билігі азаматтық соғыс жылдарындағы ұлт тәуелсіздігіне белсене қатысқан "Алаш Орда" қозғалысының көптеген қайраткерін тізімге алып отырды. 1928 жылы Ахмет Байтұрсынов, Міржақыпов Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Ғаббасов сынды 44 "буржуаз ұлтшыл" қамауға алынды. 1930 жылдың қыркүйегінде Мұхамеджан Тынышпаев, Халел Досмұхамедов, Жақып Ақбаев сынды бірқатар қазақтың қаймағы тағы қамауға алынды (барлығы - 40 адам). Олардың бір бөлігі Ресей территориясына ит жеккенге айдалды. 1937-38 жылдары қазақтың көрнекті қайраткерлерінің барлығы репрессияланды. Сондай-ақ респрессия құрбандары ішінде Тұрар Рысқұлов, Нығмет Нұрмақов, Сұлтанбек Қожанов, Ұзақбай Құлымбетов, Ораз Жандосов, Әбілхайыр Досов, Смағұл Сәдуақасов, Темірбек Жүргенов, Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбанов, Санжар Асфендияров та бар. Бүгінгі таңда Қазақстанның орталық көшелеріне, мемлекеттік мекемелеріне осы қоғам қайраткерлері мен қазақтың көрнекті азаматтарының аты берілген. Олардың еңбектерін оқушылар, студенттер оқып, ғалымдар зерттейді. Олардың құрметіне мемлекетте мемориалдық кешендер орнатылып, ескерткіштер ашылған.

Тарихшылардың мәліметі бойынша, 1937-38 жылдары советтік Қазақстанда 118 мың адам сотталған. Олардың 25 мыңына ату жазасы кесілген. Сотталғандар арасында совет саясатына қарсылық білдірген ұлт оппозициясының көшбасшылары да болды. Мамандардың пікірінше, сол кезеңдегі тарихи мәліметтердің ақтаңдақ тұстары әлі де көп. Кеңес заманында Қазақстан территориясында ірі еңбекпен түзеу лагері - Карлаг жұмыс істеп тұрды. Онда қамалғандар ауылшаруашылығы, индустриальдық өндірістегі ауыр жұмыстарға жегілді. Карлагта бір миллионнан астам тұтқын болған. Сондай-ақ елімізде саяси маңыздағы АЛЖИР - отанын сатқандардың әйелдері тоғытылған Ақмола лагері болды. Ондағылар жан жолдасының саяси қылмысы үшін жазасын өтеді.

Осы жылдары көптеген ұлт жаппай Қазақстанға қоныс аударылды. 1937 жылы күзде жүз мыңдаған корей, түрік, ирандық, күрд және әзірбайжандар елімізге кеп қоныс тепті. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы жылдары елімізге немістер, гректер, шешендер, ингуштар, қарашайлар, балқарлар, қырым татарлары және басқа ұлттар депортацияланды. Олардың жалпы саны 1 миллион 200 мыңды құраған.

КСРО-да 1986 жылы өткен шеруге қатысушылар да тәуелсіз Қазақстанда саяси репрессия құрбандары қатарына жатқызылады. Бұл оқиғаның өрбуіне Қазақ КСР ОК бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың орнынан алынуы және оның орнына Геннадий Колбиннің тағайындалуы түрткі болған. Желтоқсанда елде жаппай наразылық акциясы өтті, бірақ ол аяусыз басып-жаншылды. Қамауға алынғандар саны 8,5 мың адамнан артады. Бұл оқиға мемлекеттің саяси өміріндегі демократияның бастауы боп табылады. Өйткені одан кейінгі бес жылдан соң тәуелсіз Қазақстан мемлекеттік егемендігін жариялады.

1993 жылы Қазақстанда "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заң  қабылданды. Оның мақсаты - әділдікті орнату және зардап шеккендердің шығынын өтеу.

Қазақстан астанасында 2012 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандары құрметіне ескерткіш орнатылды. Монумент ауыр жылдардағы халықтың шеккен зардабы мен қайғысын еске салады. Жанында әйелдер мен балалардың мүсіндері бар, киіз үйдің бір бөлшегі "Кереге" сипатындағы кешен "Аза тұту қабырғасын" танытады. "Ұжымдастыру аяусыз сынақ болды, ол ауыл өмірінің ғасырлық болмысын қиратты, жеріміздегі мыңдаған жылдар бойғы көшпелі өркениеттен қол үзгізді. Мұның барлығы миллиондаған адамның көз жасына әкеп соқты. Ашаршылық және оның қайғы-қасіретке толы салдары кеңес кезеңіндегі ең ірі гуманитарлық апат боп саналады" деді Қазақстан Президенті Н.Назарбаев осы ескерткіштің ашылуы рәсімінде. Ақмола облысында қазір мемориалдық кешен жұмыс істеп тұр. Оған барғандар осы лагерде көз жұмған мыңдаған тұтқынның тарихымен таныса алады.

Кеңес заманының мұрасы мен КСРО-дағы өмір маңындағы айтыс-тартыс бүгін де өзектілігін жойған жоқ. Кеңес көшбасшыларының рөлі мен олардың заңға қайшы әрекеті маңындағы пікірталас ұдайы әрі қызу талқыланады. Бұл арада тиімді тәсілдің бірі ел тарихының оң тәжірибесінен сабақ алу екенін де баса айта кетелік. "Адам өзінің өткен өміріне құрметпен қарауы керек, әрі ондағы оң әсерлерді алып, бүгініне қажетіне жаратуы тиіс. Ондай артықшылықпен халықаралық аренада әрдайым санасатын болады: қытайлар Маоға лайықты бағасын беруде ел дамуында үлкен жетістіктерге жетіп, әлемдік екінші экономикаға айналып отыр. Ұлттың бірлігі, өз тарихына деген көзқарастағы біртұтастық ары қарай дамудың  және бүгінгі мүдделерді сырттан қорғаудың қажетті алғышарттары. Өйткені мемлекеттер бәсекесі мен күресті әлі де ешкім тыйған жоқ. Алайда, егер аяқ-астынан жаңа Сталин мен Шыңғысхандарға заман сұраныс туғызса, онда пікірталасқа қатысушылардан ешкім санасып жатпайды, олар пайда болады" дейді біздің автор, Кембридж университетінің зерттеушісі Шоқан Лаумуллин.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай