Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Қазақстан сенаторлары елдің сыртқы қарызына алаңдаушылық білдірді

24 Желтоқсан 2015, 11:29
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

ҚР Парламент Сенатының кеңейтілген отырысында "Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР Заң жобасын талқылау кезінде депутат Асхат Күзеков елдің сыртқы қарызының көлеміне алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен бұл заң жобасын толықтай қолдаймын. Дегенмен менің осыған байланысты сауалым бар. Қарыз алған кезде басқа адамның ақшасын аласың, ал қайтарғанда өз ақшаңды бересің. Осы жөнінде министрге сұрақ қойғым келеді. Мемлекеттің қазіргі қарызының көлемі қандай? Екіншіден, бюджет саясатын қарастырсақ, мемлекеттің жағдайы қандай болады?", - деп сұрақ қойды депутат.

Осы орайда министр Бақыт Сұлтанов мемлекеттің қарызы басқа елдермен салыстырғанда аз екенін мәлімдеді.

"Былтырғы бюджет саясатын қарасақ, біздің қарыз басқа елдермен салыстырғанда көп емес. Жалпы ішкі өніммен салыстырғанда елдің сыртқы қарызы 15-17 пайызды құрайды. Бұл өте төмен көрсеткіш", - деді Сұлтанов.

Сонымен қатар, ол сыртқы қарыздың бюджетке ауыртпалық түсірмейтінін айтты. "Сондықтан да бізде қарыз алуға әлі де мүмкіндік бар", - деді министр. 

"Келер жылғы бюджет тапшылығын біз 1,6 пайызға бекіттік. Оны 1 пайызға дейін төмендетуді жоспарлап отырмыз", - деді Сұлтанов.

Айта кетейік, "Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР Заң жобасын Сенат депутаттары қабылдады.

Қарыз 2016 жылдың бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталады. Бұл туралы кеше қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай