28 тамыз 2014 18:41

Қазақстан Сингапурға визалық тәртіпті алып тастауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қазақстан Сингапурға визалық тәртіпті алып тастауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Сингапурға визалық тәртіпті алып тастауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сингапур тарапына Төлқұжаттың барлық түрі үшін визалық талаптардан өзара бас тарту туралы келісімді бекітуді қарастыруға 30 күнтізбелік тәулік мерзімге мүмкіндік ұсынылды", - делінген ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне сапары туралы хабарламада. Келіссөздер барысында қазіргі уақытта Қазақстан мен Сингапур арасында азаматтардың ары-бері жасайтын сапарларының ұлғайғаны байқалатыны айтылды.

Ыдырысов Сингапурды EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне белсенді қатысуға шақырды және елдің премьер-министрі Ли Сянь Лунға Қазақстан басшысының атынан Астанаға жеке шақыруды табыс етті.

Қазақстанның Сыртқы істер министрі еліміздің Сингапурдың әлеуметтік-экономикалық дамуының сәтті тәжірибесін өзіне белсенді түрде бейімдеп жатқанын айтты. Атап айтқанда, Қазақстанда үкіметтік активтерді басқару жөніндегі мемлекеттік холдинг іске қосылды. "Самұрық-Қазына" АҚ-ны құрған кезде сингапурлық "Темасек" холдингі қызметінің тәжірибесі негізге алынған.

Ыдырысов Сингапур Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі қызметіне кандидатурасын қолдайды деп үміттенетінін айтты. ҚР Сыртқы істер министрі мен Сингапур Республикасы әділет министрінің кездесуі барысында Қазақстанның химия кластерін дамытудағы, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселелері сөз болды. 

Ерлан Ыдырысов өз сапары барысында Сингапурдағы Ли Куан Б атындағы Мемлекеттік саясат мектебінде Еуразиялық экономикалық одақ құрудың мәні туралы дәріс оқыды. Онда аталған ұйымның мақсат-міндеттері, оның құрылуымен бірге халықаралық экономикалық ынтымақтастық үшін ашылатын мүмкіндіктер туралы баяндалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети