Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Украинаның нотасын түсіне алмады

28 Наурыз 2014, 15:49
0
Tengrinews.kz иллюстрацияcы
Tengrinews.kz иллюстрацияcы

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Украинаның жолдаған нотасын түсіне алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Украина Сыртқы істер министрлігінің нотасын біз түсіне алмадық. Негізі ол парасатты мағынада емес, көп жағдайда эмоциямен жазылған секілді болып көрінді", - деді баспасөз мәслихатында ҚР сыртқы саясат ведомствосының ресми өкілі Жанболат Үсенов. Сондай-ақ ол Қазақстан Украинадағы дағдарысқа қатысты салмақты және шынайы ұстанымда екенін жеткізді. "Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір емес, бірнеше рет, тіпті Гаагадағы саммитте де, барлық тараптардың Украинадағы дағдарысты  бейбіт келіссөздер арқылы шешуіне шақырды. Сондықтан біз аталған мәлімдемелерге украиналық тарапты алаңдататын негіз көріп отырған жоқпыз", - деді Жанболат Үсенов.

Ресми өкілдің айтуына қарағанда, бүгін Украинаның уақытша сенімді өкілі ҚР СІМ-не шақырылып, еліміздің украиналық дағдарысқа қатысты ұстанымы тағы бір мәрте түсіндірілетін болады. "Аталған нотаға жазбаша жауап беруді жоспарлап отырған жоқпыз", - деді ол.

Бұдан бұрын Украина Сыртқы істер министрлігінен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 25 наурызда Гаагада Украинаға қатысты жасаған мәлімдемесінің мазмұнына алаңдаушылық білдірген нота жолданғаны хабарланған болатын. Украина Сыртқы істер министрлігі Назарбаев мәлімдемесінің халықаралық құқықтың жалпы қалыптасқан нормалары мен көп елдің позициясына қайшы келетіні, оның екі ел арасындағы серіктестік қатынастарға кереғар және украин тарапы үшін қабылданбайтын жайт екенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 25 наурыз күні Гаагадағы брифингте Назарбаев Украинадағы ахуалға қатысты пікірін білдірген болатын. Оның айтуынша, Украина үшін сайлау өткізу керек, ол жағдайды құқықтық алаңға қайта әкелуге септігін тигізеді. "Заңды президентті, парламент пен легитимді үкіметті сайлау керек. Содан кейін осы негізде бейбіт келіссөздер жүргізіп, қалыптасқан ахуалдан бірлесіп шығу қажет", - деген еді Қазақстан Президенті.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай