28 мамыр 2019 16:13

Қазақстан тасжолдарында полиция бекеттері болмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет: СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен Иллюстрациялық сурет: СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен

Қазақстанда ішкі полицейлер бекеттері жойылады. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанда ішкі полицейлер бекеттері жойылады. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"1 шілдеден бастап біздің жолдардағы шекаралық бекеттер қысқарады. Бүгінде бекеттерді қысқарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың орнына мүмкіндігінше видео-, фотобақылаулар орнатылады", - деді тұрғымбаев. 

Оның айтуынша, бұрынғы ішкі істер министрі Қайырбек Сүлейменнің рейдін еске алды. 2000 жылдары ол жүк көлігінің жүргізушісі ретінде Өзбекстан шекарасынан Алматыға дейін қарбыз алып өтпекші болған. Сол уақытта ол сыбайлас жемқорлықтың 36 жағдайын анықтаған. 

"Ішкі бекеттер жойылып, еліміздің периметрі бойынша қалады. 300-ге жуық қызметкер бүгінгі күні нығайтуды талап ететін қызметтерге ауыстырылады. Бекеттердің өздері қонақ үйлерге берілетін болады, жылыту үшін және дағдарыс жағдайлары үшін пайдаланылатын болады. Қалаға кіре берістегі бекеттер де жойылады", - деп нақтылады Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди.

"Ел ішінде тыйым салынған заттарды әкелуді бақылауға мүмкіндік жеткілікті", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети