Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Қазақстан Тәуелсіздік күнін тойлап жатыр

16 Желтоқсан 2015, 09:29
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Қазақстандықтар еліміздегі ең басты мереке - Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР тәуелсіздігі мен мемлекеттің егемендігі туралы заң қабылданған болатын.

Кеше Қазақстан Президенті салтанатты шараға қатысты. Ол 24 жыл бұрын еліміздің жаңа тарихты бастағанын атап өтті. "Тәуелсіздік алғаннан бері біз тарихи дамуда үлкен серпілістер жасадық. Біздің Қазақстан - Ұлы дала елі. Бұл біздің ұлы бабаларымыз, ұлы мақтанышымыз. Қазақстандықтардың келесі ұрпағы бізбен мақтанады. Олар біздің шешімдерімізден үлгі алады. Біз кездескен қиындықтарды біліп, тарихымызды оқиды. Біздің тарихымыз ортақ - бұл тарихи жетістіктер мен гүлдену. Тәуелсіздік күні құтты болсын, отандастар", - деді Назарбаев.

Айта кетейік, мереке қарсаңында Президент жарлығымен азаматтардың бір тобы қоғамдық қызметі үшін мемлекеттік марапаттарға ие болды. Олардың қатарында мәдениет, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті қайраткерлері, өндіріс, бизнес саласының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері бар.

Тәуелсіздік күні аясында қазақстандықтар 16 және 17 желтоқсан күндері демалады. Бұған дейін синоптиктер мереке күндері қар жауатынын, дегенмен жылы болатынын хабарлады. Дәстүр бойынша Қазақстанның барлық қаласында мерекелік шаралар мен концерттер өткізіледі.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай