22 қыркүйек 2015 11:04

Қазақстан Таяу Шығыстан босқындарды қабылдауға дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстан Таяу Шығыс пен Еуропадан босқындарды қабылдауға дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай пікірін Алматы лауазымды тұлғаларының босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон бойынша кездесуінің кулуарында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі бөлісті.


Қазақстан Таяу Шығыс пен Еуропадан босқындарды қабылдауға дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай пікірін Алматы лауазымды тұлғаларының босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон бойынша кездесуінің кулуарында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі бөлісті.

"Босқындарға қатысты айтатын болсақ: Қазақстанда 2011 жылы "Босқындар туралы" заң қабылданды, онда мынадай мәселелер қарастырылған: босқындардың статусы, пана іздеген тұлғалардың статусы, бізде босқындар ісі бойынша БҰҰ өкілеттігі үнемі жұмыс істеп тұрады. Ал жаппай ағылуға келетін болсақ, заңнамада оның Төтенше жағдайлармен байланысты заңға сәйкес жүзеге асырылатыны айтылған. Сондықтан халықаралық құқықта қарастырылған барлық ережелерге сәйкес, егер босқындар елімізге ағылып келетін болса, әрине Қазақстан оларға паналайтын орын беруге қатысты тиісті шараларды қолға алады", - деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов Еуропа мен Таяу Шығыстан Қазақстанға босқындар ағыла ма деген журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

"Қазақстанға босқындардың ағылуы мүмкін деп ойламаймын", - деді денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі. Нұрымбетовтің мәлімдеуінше, босқындар ісімен ҚР Ішкі істер министрлігі айналысады.

Біржан Нұрымбетовтің пікіріне БҰҰ Орталық Азиядағы босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының өңірлік өкілі Бернард Дойл қосылды.

"Біз көріп отырған Таяу Шығыс пен Еуропадағы босқындардың дағдарысы өте қиын. Мен қауіп көріп тұрған жоқпын және босқындар Орталық Азия аумағына ағылады деп ойламаймын. Бірақ Орталық Азия оларға көмек көрсетуде маңызды роль атқара алады. Себебі Орталық Азия елдерінің аумағында босқындардың аз бөлігі ғана сыйады және олар Орталық Азия елдерінде тұрып жатқан босқындардың мәселесін шешіп беріп, аумағына көптеген босқынды сыйдырып отырған елдерге үлгі бола алады", - деді Бернард Дойл. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети