08 қараша 2016 13:48

"Қазақстан" телеарнасы Қоянбаевтың бағдарламасы үшін "Қазмедиа орталығымен" соттасқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Қоянбаев. © 1show.kz Нұрлан Қоянбаев. © 1show.kz

"Қазақстан" телеарнасы "Қазмедиа орталығымен" соттасып, жеңіп шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Қазақстан" телеарнасы "Қазмедиа орталығымен" соттасып, жеңіп шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2015 жылы "Қазақстан" телеарнасы "Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев" атты бағдарламаны түсірген болатын. Ол бағдарламаны түсіруге "Қазмедиа орталығы" көмектескен. Алайда монтаж жұмыстарын өңдеу барысында видеожазбаның жоқтығы анықталған. Сондай-ақ, тағы бір "Алаң" атты бағдарламаның видеолары жоқ екені анықталады.

"Қазақстан" телеарнасы мен "Қазмедиа орталығы" жасасқан келісімшартқа сәйкес, видеоматериалдардың сапасы мен оның сақталуына деген жауапкершілік қызмет көрсетушіге жүктелген. Іс материалдарын зерттей отырып, Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты телеарнаның талаптарын қанағаттандырып, "Қазақстан" РТРК АҚ пайдасына "Қазмедиа орталығы" ЖШС-нан келген залал ретінде 2 725 264 теңге көлемінде ақшаны өндіріп алды", - делінген хабарламада. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети