13 наурыз 2017 19:47

"Қазақстан" телеарнасының "Жаңалықтар" қызметі басқаша атпен шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kazsport.kaztrk.kz © kazsport.kaztrk.kz

"Қазақстан" телеарнасының "Жаңалықтар" қызметі "Басты ақпарат" атаумен шыға бастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


"Қазақстан" телеарнасының "Жаңалықтар" қызметі "Басты ақпарат" атаумен шыға бастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстан" Ұлттық телеарнасы көктемгі жаңару маусымын бастады. Көрермендерге алда тың және жаңашаланған жобалар, оның ішінде ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар, отандық телехикаялар және ойын-сауықтық бағдарламалар ұсынылады.

Бүгіннен бастап Жаңалықтар қызметі эфирге жаңа форматта әрі "Басты ақпарат" деген атпен шықты. 

Ақпараттар легі өзгеріп, елімізде және әлемде болып жатқан өзекті жаңалықтарды объективті тұрғыда таратуға мән беріле бастады.

Еліміздің басты жаңалықтарын танымал журналистер Қымбат Досжан мен Данияр Меңлібеков жүргізеді. 

Әлеуметтік желі қолданушылары Ұлттық арнаның Жаңалықтар қызметінің өзгеше форматына жағымды пікірлерін білдіріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети