27 тамыз 2015 10:43

Қазақстан түрмелеріндегі діни экстремистер сабасына түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Diapazon.kz © Diapazon.kz

Қазақстан билігі алдын алу шараларының арқасында діни радикалдардың бас бостандығынан айырылған мүшелерінің жартысынан көбі сабасына түсті, - Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан билігі алдын алу шараларының арқасында діни радикалдардың бас бостандығынан айырылған мүшелерінің жартысынан көбі сабасына түсті, - Tengrinews.kz тілшісі.

"Шетелдің тәжірибесіне сүйене отырып дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушыларды оңалту бойынша әлеуметтік жұмыстар жасалып жатыр. Алдын алу шаралары діни ағымдардың бас бостандығынан айырылған өкілдерінің жартысынан көбін сабасына түсіруге көмектесті", - деді Қазақтанның бас прокуроры Асхат Дауылбаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше бас прокурорлардың жиыны барысында.

Ол 21 ұйымның сот тәрібімен экстремистік және террористік деп танылғанын, олардың республика аумағында әрекет етуіне тыйым салынғанын айтты. Сонымен қатар, сот Сирия мен Ирактағы лаңкестік топтарға шақырған бейнероликтерді де заңсыз деп тапты.

Бас прокурор Интернетте жарияланған экстремистік мазмұндағы 660 материалды, 700 интернет-сайтты жариялауға, таратуға тыйым салынғанын айтты.

"Дегенмен экстремизм мен тероризснен келетін қауіп азаймай тұр. Таяу Шығыс, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка елдерінде белсенді жұмыс істеп жатқан лаңкестік ұйымдарды ұмытпауымыз керек. Қазір Қазақстан үшін де, басқа елдер үшін де ең қауіптісі азаматтардың осындай ұйымдарға мүше болуы. Құзырлы органдар азаматтардың осындай мақсатпен елден кетпеуін үнемі қадағалап отыр", - деді Асхат Дауылбаев.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети