Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Қазақстан түрмелеріндегі өлім-жітім 1,5 есеге артты

11 Қыркүйек 2014, 16:56
0
©REUTERS
©REUTERS

Соңғы 10 жылда Қазақстан түрмелерінде өлім-жітім көрсеткіші 1,5 есеге көбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Соңғы 10 жылда түрме тұрғындарының үштен бірге азаюына қарамастан, қамаудағылардың өлімі біржарым есеге көбейген. Ауыр науқастанған қамаудағылардың көбі оларға ешқандай көмек көрсету мүмкін болмаған кезде аурухана төсектерінен табылады. Асхат Дауылбаев бұл заңбұзушылықтардың басты себебі ведомстволық бақылаудың мүлдем болмауы, медициналық қызметтердің және түзеу мекемелер әкімшіліктерінің міндеттеріне селқос қараулары деп атап өтті", - делінген Бас прокуратура алқасы отырысының қорытындысы бойынша таратылған баспасөз парағында.

Соңғы жылдары қылмыстық-атқару жүйесін қаржыландыру айтарлықтай өсті, сотталғандарды ұстау шығындары өсіп, олардың тамақтандыру нормалары жақсартылған. Пенитенциарлық жүйенің медициналық қажеттілігіне бюджеттен жыл сайын жарты миллиардтан астам қаражат бөлінеді. Соған қарамастан қабылданған шаралар түрмелердегі денсаулық сақтау сапасының өзгеруіне ықпал ете қойған жоқ. Тексерулер барысында ҚАЖ мекемелерінде медициналық көмек көрсетудегі жүйелі кемшіліктер мен жол берілген қателіктер анықталған.

Диагностиканың уақытылы жасалмауы және қамаудағыларға тиіссті емдеудің жүргізілмеуі, білікті медициналық мамандардың жетіспеушілігі, қымбат бағалы құрал-саймандардың тұрып қалуы, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалмауы, сотталушыларды медициналық мекемелерге ауыстыру мәселелерінің созбалаңға салынуы, инфекциялық аурулардың тарауына ықпал етуі мүмкін санитарлық нормалардың бұзылуы негізгі проблемалар күйінде қалып отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бірқатар мекеме басшылары мен медициналық қызметкерлеріне қатысты әрекетсіздік фактілері бойынша 14 қылмыстық іс қозғалып, 221 қызметкер тәртіптік, 43-і әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бас прокурор аймақтағы прокурорларға түрмелердегі медициналық қызметті ұйымдастыру туралы заңнаманың қолданылуына бақылауды күшейтуді тапсырды. Сонымен бірге, қылмыстық-атқару жүйесі және оның аймақтық құрылымдары басшыларының дербес жауаптылықтарын қарастыру мәселесі қойылды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай