15 қаңтар 2016 11:59

Қазақстан Үкіметі бюджет бойынша қатаң шаралар жүргізуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Үкіметі бюджет бойынша қатаң шаралар жүргізуі мүмкін, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада Қазақстан Үкіметі мүшелерінің қатысуымен брифинг өтті.


Қазақстан Үкіметі бюджет бойынша қатаң шаралар жүргізуі мүмкін, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада Қазақстан Үкіметі мүшелерінің қатысуымен брифинг өтті.

"Біз бюджет бойынша қатаң шаралар қабылдауға мәжбүр болуымыз мүмкін. Шығындар тексеріледі. Қаржыландырудың тиімді бағыты анықталды. Сонымен қатар, әлеуметтік бағыттағы және "Нұрлы Жол" даму бағдарламасының шығындары сақталады", - деді Сағынтаев брифинг кезінде.

Ол қабылданған шешімдерге байланысты қосымша шаралардың қолданылатынын айтты.

"Биылдан бастап республикалық бюджеттен жедел шараларды қаржыландыруға арналған қосымша резерв бөлінеді. 2016 жылдың қосымша резервіне 225,2 миллиард теңге бөлу жоспарланды. Бұл қаражат халықты жұмыспен қамтамасыз етуге және мемлекеттік "Нұрлы Жол" бағдарламасын қосымша қаржыландыруға бағытталады", - деді Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы үкіметке мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасының түсуіне байланысты жоспар дайындауды тапсырған. Вице-премьер болжамның келесі аптада Үкімет жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысында талқыланатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети