НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАУ. 19 НАУРЫЗ

Қазақстан үшін Түркияның маңызы зор - Назарбаев

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұрсұлтан Назарбаев Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақорданың" баспасөз қызметі сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақорданың" баспасөз қызметі сілтеме жасап.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, соның ішінде саяси диалогты нығайту мен мәдени алмасу мәселелері, көлік, энергетика, туризм және инфрақұрылым қалыптастыру салаларындағы байланысты дамыту жайы талқыланды.

Мемлекет басшысы Ахмет Дәуітоғлының сапары біздің еліміздің сыртқы саясатында Түркияға қатысты бағыттың маңыздылығын айғақтайтынын айтты.

"Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Егемендігіміздің алғашқы күндерінен біз бауырлас халықтарымыздың жақындаса түсуіне бар күш-жігерімізді салып келеміз. Осы жылдарда Сіздің елдің басшылығымен тығыз жұмыс жүргізе отырып, біз бір кездерде ұзақ уақыт бойы үзіліп қалған Қазақстан мен Түркия арасындағы байланысты қайта қалпына келтірдік. Мен Түркі кеңесінің құрылуына бастамашы болдым. Бүгінде Астанада Халықаралық түркі академиясы жұмыс істейді, онда ғалымдар біздің елдерімізге ортақ мәдениет пен тарихты зерттеуде. Қазақстан үшін Түркияның маңызы өте зор, біз ынтымақтастық саясатынан ешқашан бас тартпаймыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Түркия төңірегіндегі шиеленіскен геосаяси жағдайдың біздің елге де әсерін тигізетінін атап өтті.

"Бүгінде қалыптасқан ахуалдан шығу жолдарын іздестіру қажет. Болып жатқан жайттардың көптеген себептері әлі де айқындалмай отыр. Сирия мен Ирактағы қақтығыстар мұсылмандар арасында бірліктің жоқ екенін көрсетті. Біз сунниттер мен шииттер арасында болуы мүмкін деп Батыс бұдан ілгеріректе болжаған  кезеңге таяп келдік. Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың күрделенуі де біз үшін үлкен проблемаға айналды. Екі ел де біздің маңызды одақтасымыз бен серіктесіміз болып саналады", - деді Мемлекет басшысы.

Ахмет Дәуітоғлы Қазақстанға сапарын әрдайым өз Отанына келгендей бағалайтынын айтты. Сондай-ақ Түркия премьер-министрі Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығының басталуымен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевқа екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін  алғыс білдірді.

Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас барлық бағыт бойынша қарышты дамып келеді. Біз көлік, энергетика және өзге де салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Сауда байланыстары да нығаюда. Егер Түркия - Еуропаға ашылған "есік болса, Қазақстан - Түркия үшін Еуразия кеңістігіне апаратын жол", - деді Ахмет Дәуітоғлы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 500.67  course up  546.52  course up  6.04  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer