19 мамыр 2017 22:38

Қазақстан зиялы қауымының өкілдері жыр семсері, алдаспан ақын Махамбет Өтемісұлының әруағына дұға бағыштады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі © Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қазақстан зиялы қауымының өкілдері жыр семсері, алдаспан ақын Махамбет Өтемісұлының әруағына дұға бағыштады., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан зиялы қауымының өкілдері жыр семсері, алдаспан ақын Махамбет Өтемісұлының әруағына дұға бағыштады., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысындағы Қараой жеріне Әнес Сарай, Сәбит Досанов, Серік Тұрғынбекұлы, Қажығали Мұхамбетқалиұлы, Қасымхан Бегманов, Мереке Құлкенов, Есенғали Раушанов, Роллан Сисенбаев, Ақұштап Бақтыгереева, Светқали Нұржан, Бауыржан Халиолла, Гүлзада Ниетқалиева, Сәулеш Шәтенова, Әлия Дәулетбаева, Бақытгүл Бабаш сынды ақын-жазушылар жиылды.

Қонақтар батырға дұға бағыштағаннан соң сол жерде ұйымдастырылған "Махамбет поэзиясы күні" салтанатты шарасына қатысты. Жиылғандар Махамбет тұлғасын ұлықтап, тарихтан сыр шертіп, өлең оқыды.


© Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Шара кезінде сөйлеген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бұл күннің той тойлаумен қатар, көп дүниелерді ой елегінен өткізетін уақыт екенін атап өтті.

"Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында елдің дамуы жолында еңбектенген азаматтарды білу, олардың ерліктерін, атқарған істерін халыққа насихаттау, естен шығармай ұрпаққа жеткізу мәселелері айтылды. Тарихты қарасаңыздар қажет кезде өмір сахнаға елім, жерім, Отаным деп, азаттық жолында жанын пида еткен талай азаматтарды шығарып отырған. Солардың бірегейі Махамбет десек артық болмайды, – деді аймақ басшысы.

Айта кетелік, мұндай шара Атырауда 2003 жылы ЮНЕСКО-ның қолдауымен өткізілді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиевтың идеясымен өткізілген "Махамбет поэзиясы күнін" биылдан бастап жыл сайын ұйымдастыру жоспарланған. Шара аясында Махамбет сыйлығы тағайындалып, әр түрлі салада озып шыққандарды мараппаттау қолға алынуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети