Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстанда жүргізушілердің денсаулығы онлайн жүйесінде бақыланатын болды

25 Қазан 2014, 10:02
0
Роза Есенқұлова
Роза Есенқұлова

 Қазақстанда жүргізушілердің денсаулығын бақылап отыратын онлайн жүйе құрастырылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.


"ЭЛЕКО" ЖШС директоры Владимир Лазаренконың айтуынша, бұл технология мойнына әлеуметтік жауапкершілік артқан бұқараны тасымалдаушы қоғамдық көлікті жүргізушілер үшін аса қажет. Аталып отырған бақылау жүйесі жүргізушілердің тек денсаулығын ғана қадағалап қоймайды. Бұл құрылғы жүргізушілердің көлікті басқару кезінде өздерін қалай ұстайтынын, писхологиялық жағдайы қалай екенін, жалпы оның қандай формада екендігін бақылап көрсетіп отырады. Сондай-ақ аталмыш технология көлік жүргізушісі жол үстінде ұйықтап кететін болса оған ескерту дабылын бере алады.


Бұл бақылау құрылғысы жүргізішінің дене бітіміне жалғап қою арқылы бірнеше тетікпен жұмыс істейді. Егер жүргізушілер өздерін жайсыз сезінсе оларға құрылғы хабар беріп отырады. Лазеронканың айтуынша, құрылғы базаға жүргізушінің дене температурасына, жүрек соғысына қатысты ақпараттарды жеткізіп отырады.

Айта кету керек, бұл технология қазақстандық "ЭРА-ГЛОНАСС" өнертабыс жүйесінің "ЭВАК" жобасы бойынша іске асуда. Технология көлік қозғалысын бақылауға, төтенше жағдайлар кезінде дабыл беруге көмектеседі.

Бұдан бұрын Лазаренко құрастылып жатқан қазақстандық бұл жүйе ұялы телефон және Wi-Fi желілері арқылы жұмыс істеуді де ескеретінін айтқан болатын. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай