31 қазан 2014 15:56

Қазақстанда 1000-нан астам зиянды сайт жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда порнографиямен байланысты 1000-нан астам сайт жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы Сәкен Сәрсенов электронды үкіметті және халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамыту мәселелері жөніндегі отырыстан кейін айтты.

"Біз, негізінен, бірден әрекет етеміз, қазір мен балаларымызға зиян келтіретін порнографиялық сайттар және терроризммен байланысты сайттар бойынша айта аламын. Олардың саны өте көп, мыңнан асады. Қазір 1000-нан астам сайт жабылды, олардың дені порнографиямен байланысты", - деді Сәрсенов. Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде 500-ге жуық порносайтқа тыйым салынғаны хабарланған болатын.

Комитет төрағасы ұлтаралық араздықты қоздыру белгілеріне қатысты сараптама нәтижесіне дейін жабылған Meduza.io ресурсы туралы сұраққа жауап берді. "Соттың шешімі бойынша өкілетті органдар тарапынан реакция болды, содан кейін сотқа өтініш жасалды, сот ұйғарым шығарды, біз әрекет еттік. Мониторинг жүргізіліп жатыр, егер мемлекет мүддесіне нұқсан келтіру жөнінде қауіп бары анықталса, өкілетті орган әрекет етіп, сотқа өтініш жасайды. Егер сот шешім шығарса, өкілетті орган оны жабуға әрекет ететін болады", - деді Сәрсенов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети