26 қыркүйек 2014 17:50

Қазақстанда 150-ден астам ресейлік телеарна тіркелген

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қазақстан аумағында Ресейдің 158 телеарнасы хабар таратады. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына қайтарған жауабында айтылады.


Қазақстан аумағында Ресейдің 158 телеарнасы хабар таратады. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына қайтарған жауабында айтылады.

"Қазіргі уақытта министрлікте шетелдік 235 телеарна тіркелген, оның 158-і - ресейлік арна", - делінген жауапта. 

Министрлік мамандары "Телехабар тарату туралы" заңға сәйкес, шетелдік теле-радиоарналардың Қазақстанда есепке алынбастан хабар таратуына тыйым салынғанын түсіндірді. Телехабар тарату саласындағы заңнамалардың сақталуын бақылау жергілікті атқару органдарының құзырында. Заң талаптарын бұзғаны үшін 50-ден 300 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. (1 АЕК -1852 теңге).

Еске сала кетейік, мұның алдында бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко тіркеуге тұрмаған шетелдік телеарналарға тыйым салу керектігін мәлімдеген болатын. "Қазақстан Республикасы территориясында жұмыс істеп жатқан ресейлік телеарналардың тең жартысының құзырлы мемлекеттік органда тіркеуге алынбағандығы бізді қатты алаңдатады. Олар сол жерге барып, тіркеуге тұруы тиіс (...) Қазір бұл мәселені үкімет алдында көтермекпіз. Біз құзырлы органға барып, тіркеуге тұрмаған арналардың Қазақстан территориясында хабар таратуына тыйым салынуы керек екенін айтамыз" - деді Кравченко экстремизм мен лаңкестікке қарсы тұруға қатысты заң жобасы талқыланған жоғары палата комитетінің отырысы барысында осы негізде сауал қойған Сенат депутатына.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети