24 қараша 2018 10:24

Қазақстанда 16 жастан бастап ата-анасының рұқсатынсыз аборт жасатуға заңмен рұқсат етілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vesti-yamal.ru © vesti-yamal.ru

Елімізде 16 жастан бастап түсік жасатуға заңмен рұқсат етілуі мүмкін, - деп хабарлады КТК.


Елімізде 16 жастан бастап түсік жасатуға заңмен рұқсат етілуі мүмкін, - деп хабарлады КТК.

Телеарнаның мәліметінше, түсік жасату үшін ата-ананың рұқсаты керек емес. Денсаулық сақтау министрлігі қыз балаларға 16 жастан бастап ата-анасының келісімін алмай-ақ, жасанды түсік жасата беруді заңға енгізгісі келіп отыр. Яғни, жасөспірімдер өз бетінше шешім қабылдай бермек. Ал психологтар адам тағдырына қатты әсер ететін мұндай жағдай жастарға тым ауыр тиетінін мәлімдеді.

Қазіргі заңнама бойынша кәмелетке толмаған қыз балаларға медициналық көмек көрсету үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімі міндетті түрде керек. Денсаулық сақтау министрлігі осыны кедергі деп, заңнан алып тастағысы келеді.

"Жасөспірімдер 16 жастан бастап өз бетінше шешім қабылдайтын болады. Бұл әлемде бар тәжірибе. Қазір аяқасты бала көтеріп қалған қыздар көбейіп барады. Ал осы заң арқылы жүктіліктің ерте кезеңінде тиісті медициналық көмек алуға мүмкіндік береді", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева.

Яғни, қыз бала өз бетінше шешім қабылдайды да оған ата-анасы немесе заңды өкілі араласпайды. Дәрігерлер де жасанды түсік жасау үшін үлкендерден рұқсат сұрап жатпайды. Адам өз тағдырын өзі шешетін болса да мұндай жағдай жасөспірімдердің таным-түсінігіне тым ауыр дейді психологтар.

"Осындай кішкентай қыздарды түсікке апару тығырықтан шығудың жолы емес. Барлық мектептерге барып, сол қыз балалармен, жігіттермен сөйлесу керек жасөспірім кезінен бастап. Жыныстық сауатын ашу керекпіз", - деді психолог Әсия Мәмбеталина.

"Ресми деректерге қарасақ, ерте бастан жүкті болған жас қыздар азаймай отыр. Былтырдың өзінде олардың саны 3 жарым мыңға жетіп қалған. Әйтсе де заңға енгізуге ұсынылған бұл өзгерістер алдағы уақытта қоғам талқысына түсуі керек. Ал әзірге аяғы ауыр жас қыздардың жағдайына болысатын елімізде 105 жастар денсаулығы орталығы жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады телеарна тілшісі.

Дереккөз: КТК.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети