03 қазан 2015 | 12:29

Қазақстанда 2 мыңға жуық адам елден қуылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© khabar.kz © khabar.kz

"Заңсыз келуші" операциясының заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша кезекті рет жүргізілген кезеңінде Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін 16 812 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде алыс шетелдің 671 және ТМД-ның 16 141 азаматы бар. Соттардың шешімдерімен 1 884 шетелдік, оның ішінде алыс шетелдің 109 және ТМД-ның 1 775 азаматы елден шығарылды. Жеке басын анықтау үшін 1216 адам қабылдау-тарату орындарына орналастырылды. 

"Шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережесін бұзғаны үшін 433 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іздестіруде жүрген 51 адам ұсталды. Жалпы алғанда 156 көші-қон заңнамасын бұзу дерегі тіркелді", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети