18 мамыр 2015 18:46

Қазақстанда 2015 жылы қандай мамандықтарға көп грант бөлінетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© zhasorken.kz © zhasorken.kz

Қазақстанда 2015 жылы қандай мамандықтарға көп грант бөлінетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы megamozg.kz басылымына сілтеме жасап. Биыл грант бөлу тәртібі өзгеріссіз қалады. Грант оқушыға байқау нәтижесіне сәйкес беріледі.


Қазақстанда 2015 жылы қандай мамандықтарға көп грант бөлінетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы megamozg.kz басылымына сілтеме жасап. Биыл грант бөлу тәртібі өзгеріссіз қалады. Грант оқушыға байқау нәтижесіне сәйкес беріледі.

Порталдың мәліметінше, оқушының ҰБТ-дан алған балымен қатар ауылдық аймақта тұратыны және отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы ескеріледі. Мысалы, ата-анасы қайтыс болған, мүгедек оқушыларға байқау барысында арнайы жеңілдіктер тағайындалады. Биыл Білім және ғылым министрлігінің тапсырысына сәйкес, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсер ететін мамандықтарға көп көңіл бөлінді.

"Биыл ЖОО грантына ие болуды көздеген оқушы келесідегідей мамандықтарды таңдағаны жөн: көліктер мен көлік құрастыру, азық-түлік өндірісінің технологиясы, мұнай-газ химиясы, теміржол техникасын жасау және электрмен қамтамасыз ету, педагогикалық мамандықтар, сонымен қатар, бидай, сүт, ет өнімі секілді еліміздің өркендеуіне үлесін қосатын ауыл шарушылығына қатысты мамандықтар, егін шаруашылығы мен суды үнемдеу технологиясы. Ал медицина мен ақпараттық технологиялар мамандықтарына грант аз бөлінеді", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, биыл ҚР Білім және ғылым министрлігі 32 788 грант тағайындалған жобаны дайындап жатыр. Аталған гранттың 500 орны сырттай оқу бөліміне тиесілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети