Қазақстанда 2017-2020 жылдарға арналған жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарлама әзірленеді

21 Қазан 2016, 18:23
0
Қазақстанда 2017-2020 жылдарға арналған жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарлама әзірленеді - © Vox populi
© Vox populi

Жол қозғалысы саласын құқықтық тұрғыдан жетілдіру - Парламент пен Үкіметтің ұдайы жіті назарында тұратын маңызды мәселе. Жол бойында орын алып жатқан апатты оқиғалар бізді бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз, деді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевтың "Жол қозғалысы саласындағы құқықтық реттеудің жай-күйі мен проблемалары туралы" тақырыбындағы парламенттік тыңдауда, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.

"Елбасымыз "Нұрлы жол" бағдарламасында: "Біздің азаматтарымыз заманауи және сапалы автожолдармен жүріп, кез келген өңірге қауіпсіз және тез жететін болады" деп, автожол саласын дамытуға қатысты салмақты көзқарасын айтқан болатын.Бүгінде Қазақстанның ішкі және халықаралық көліктік әлеуетін барынша арттыру жолында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Жол-көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға қомақты ресурстар жұмсалуда", - деді Қ.Тоқаев.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бүкіл әлемде айрықша назар аударылады.

Біздің негізгі мақсатымыз - жол апаттары деңгейін төмендетіп, жол-көлік кешенінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.

"Автожол саласы экономика мен қоғам дамуының "бет-бейнесі" - айнасы екенін біз ұмытпауымыз керек. Жолдың жағдайына қарап, мемлекеттің даму деңгейі туралы қорытынды жасауға болады. Қазақстан әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына кіруді көздейтінін жариялады, бірақ, шынын айту керек, автожол саласындағы қауіпсіздіктің қазіргі жағдайы бұл міндетті орындауға сай келмейді", - деді ол.

Олай болса, осы ахуалдан шығудың жолдарын қарастырып көрейік. Бұл өзекті мәселені шұғыл түрде, міндетті түрде шешіп алуымыз керек.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай