24 қараша 2014 20:28

Қазақстанда 25-27 қараша күндері суық болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның басым бөлігінде 25-27 қараша аралығында күн күрт суытады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz  "Қазгидромет" орталығының мәліметтеріне сілтеме жасап.  


Қазақстанның басым бөлігінде 25-27 қараша аралығында күн күрт суытады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz  "Қазгидромет" орталығының мәліметтеріне сілтеме жасап.  

"Қазақстанның оңтүстік облыстарына Каспий теңізінің үстінде қалыптасқан циклон шықты. Осындай циклон болғандықтан оңтүстік облыстарда қысқы кезең жаңбырдан басталады, кейін солтүстік аудандардан келетін суық ауа массаларының ағынымен қарға айналады және температура күрт төмендейді", - делінген хабарламада. 

Синоптиктердің болжауынша, республикамыздың оңтүстік және оңтүстік шығысында жақын арадағы тәулікте жаңбыр мен қар жауады. Түнгі температура 10-15 градусқа дейін суытып, кей жерлерде 20 градус аяз болады. Ал, күндізгі температура 5-10 градус, кей жерлерде 15 градусқа дейін суық болуы мүмкін. Сондай-ақ, мамандар "Қазақстанның қалған аумақтарында қыс қардың жаууымен, бұрқасынмен, жылдамдығы секундына 13-20 метр болатын желмен басталады. Түнгі температура 13 градустан 20 градусқа дейін суытып, кей жерлерде аяз 25-33 градусқа дейін жетеді" - дейді.

Еске сала кетейік, метеорологтардың мәліметінше, 2013-2014 жылдарға қарағанда алдағы қыс салыстырмалы түрде суығырақ болады. Алдын ала болжам бойынша, алдағы қыс аумалы-төкпелі болады, суық күндер қалың қар мен жауын шашынға өзгеріп отырады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети