Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Қазақстанда 700 интернет-ресурс заңсыз деп танылды

23 Қаңтар 2015, 15:19
0
©plafcommunicacion.com.ar
©plafcommunicacion.com.ar
Асхат Дауылбаев. ©ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Асхат Дауылбаев. ©ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
©ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
©ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

2014 жылы Қазақстанда 703 интернет-ресурстың өнімдері заңсыз деп танылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бас прокуратураның алқа мәжілісінде ведомство басшысы Асхат Дауылбаев прокурорлардың өткен жылғы жұмысын қорытындылады. "2014 жылғы 3 қарашада Мемлекет басшысы діни экстремизм мен терроризмге тосқауыл қоюдың тиімділігін арттыруға бағытталған заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы біздер әзірлеген заңға қол қойды. Осы жұмыстар аясында 100 мыңнан астам интернет-ресурсқа мониторинг жасалды. Нәтижесінде прокурорлардың және уәкілетті органдардың арыздары бойынша соттар 703 интернет-ресурстың өнімдерін заңсыз деп таныды", - деді Дауылбаев алқа мәжілісінде.

Сондай-ақ соттар 198 ақпараттық материалдың мазмұнын экстремистік деп тану туралы прокурорлардың арыздарын қанағаттандырды. Бұл өнімдерді Қазақстан аумағында таратуға тыйым салынған.

Алқа мәжілісінде 2014 жылы алғаш рет уәкілетті органға ұйғарым енгізу арқылы экстремистік мазмұндағы ақпаратқа кіруге сотқа дейінгі шектеу қою қолданылғаны айтылды. Сондай-ақ тұңғыш рет Қазақстан прокурорларының ұсынысы негізінде Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы өз елінің уәкілетті органына экстремистік мазмұндағы ақпараты бар барлық ресурстарға кіруге тыйым салу туралы талап жолдады және ол толықтай қолдау тапты.

"Қадағалаудың мүндай тәжірибесін кеңейтіп, оны біздің жақын және алыс шетелдердегі әріптестерімізбен жұмыста қолдану керек.
Ақтөбе облысы прокуратурасының тәжірибесі де көңілге қонымды, олар еңбекпен түзеу мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау шеңберінде радикал сипаттағы сотталғандардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдаған, өз кезегінде бұл олардың ұстанымдарын өзгертуге себеп болды", - делінген баспасөз қызметі келтірген Бас прокурордың сөзінде. 

Дауылбаевтың мәліметінше, өткен жылы елдегі қылмыстық ахуал біршама жақсара түсті. Қылмыстылық деңгейі 5,2 пайызға, яғни, 359 мыңнан 341 мыңға дейін азайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда қоғамға іріткі салатын діни мазмұндағы 240-тан астам сайтты жабу ұсынылғаны хабарланған еді. Р Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкиннің айтуынша, комитет өткен жылы барлығы 8000-нан астам сайтқа талдау жүргізді. 244 сайт бойынша тиісті сараптама жасалды, соның негізінде оларға Қазақстан аумағында тыйым салу үшін материалдар тиісті органдарға жолданды. Сонымен бірге 100-ден астам бейнематериалға талдау жасалды, сараптама нәтижесінде оларға теріс баға берілді, бұл материалдарды да Қазақстан аумағында таратуға тыйым салынды. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай