30 сәуір 2014 13:42

Қазақстанда VIP-нөмірлерді сату қазан айында басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Nnm.ru ©Nnm.ru

Қазақстанда көліктерге арналған ерекше нөмірлерді сату қазан айында басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Қанат Сәдуақасовқа сілтеме жасап.


Қазақстанда көліктерге арналған ерекше нөмірлерді сату қазан айында басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Қанат Сәдуақасовқа сілтеме жасап.

"Бұл норма ресми жарияланғаннан кейін алты айдан соң күшіне енеді, шамамен қазан айында. Қазіргі уақытта бұл норманың детальдері көрсетілген заңға қосымша нормативтік-құқықтық актілерді іске асыру жүріп жатыр. Үкіметтің қаулысымен көлік құралдарын тіркеу ережелері жасалуда. Сол қаулының шеңберінде беделді нөмірлерді беру формалары толық талданады", - деді Қанат Сәдуақасов брифингте.

Бұған дейін ҚР ІІМ айтулы нөмірлердің қанша сомаға бағаланатынын нақтылаған еді. Ведомствоның мәліметінше, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400 деген мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің құны 253 724 теңге тұратын болады. 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлеріне де осындай баға белгіленген. 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 деген нөмірлер 422 256 теңге тұрады. 

Министрліктің мәліметінше, мемлекеттік баж мөлшерлемесі өзге елдердің тәжірибесін зерттеу және қазақстандықтардың нөмірді сатып алу мүмкіндіктерін ескеру негізінде белгіленіп отыр. Полицейлердің мәліметінше, беделді нөмірлер үшін мөлшерлемені ұлғайтуды енгізу жемқорлық деректерін азайтып, ел бюджетін толтыруға мүмкіндік береді. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети