15 қаңтар 2015 11:57

Қазақстанда ажырасқандар саны көбейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Марат Әбілов ©Марат Әбілов

2014 жылдың қаңтар - қараша айларында тіркелген неке саны 2013 жылдағы 11 айдың көрсеткішінен 5,1 пайызға төмен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өткен жылы Қазақстанда әрбір мың адамға шаққанда 9,31 неке құрылды, есесіне ажырасқандардың қатары 2,3 пайызға артқаны белгілі болып отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, 2014 жылы 11 айдың ішінде 48,4 мың неке бұзылған, ал бұл көрсеткіш жалпы коэффициент бойынша әр мың адамға шаққанда 3,06 бұзылған некеге тең.

Министрлік сонымен қатар өткен жылғы 11 ай бойынша халықтың демографиялық ахуалы туралы мәліметті жариялады. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2014 жылдың 1 желтоқсан күнгі көрсеткіші бойынша Қазақстан халқының саны 17 397 200 адамға тең. Олардың 55,3 пайызы қалада, 44,7 пайызы ауылда тұрады. Айта кетейік, өткен жылғы көрсеткіш бойынша халықтың саны 236,4 мың адамға немесе 1,38 пайызға артты.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда туу көрсеткіші артып келе жатқаны хабарланған болатын. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда туу деңгейі артып, өлім-жітім көрсеткіші төмендеп келеді. Бір жылда туу саны 400 мыңға жақындады. Қазақстанда демографиялық ахуал оң бағытта. Туу деңгейінің артуымен бірге өлім-жітім азайып келеді. Соңғы 10 жылда туу көрсеткіші 25 пайызға артты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети