Бас прокурор Жақып Асанов әкімшілік ұстау мерзімін үш сағаттан 24 сағатқа дейін ұзартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бас прокурор Жақып Асанов әкімшілік ұстау мерзімін үш сағаттан 24 сағатқа дейін ұзартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бізде бір өзгерту бар - әкімшілік ұстау мерзімін үш сағаттан 24 сағатқа дейін ұзарту. Осы уақытта құқық бұзушы есін жиып, ашу тарқайды да өз әрекетіне дұрыс баға бере алады. Үш сағатта мұндай болмайды", - дейді Асанов ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссиясының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесіне арналған кеңейтілген отырысында.
Бас прокуратура ішкі істер органдары берген қорғау тұжырымдарын сақтамағандарды 10 тәулікке қамауға рұқсат бермек.
"Қорғау тұжырымдары бар. Мұны білеміз. Оны бұзған кезде көбіне ескерту айтылады. Бұл ескертулерді ешкім лайықты қабылдамайды. Сондықтан ескерту орнына 10 тәулікке қамау керек деп есептейміз", - дейді ол.
Асанов бұл өзгертулерді Бас прокуратура Парламент қарауына жолдайтынын айта кетті.