08 желтоқсан 2014 17:13

Қазақстанда алдағы үш тәулікте күн аязды және ашық болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда алдағы үш күнде аязды және ашық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.


Қазақстанда алдағы үш күнде аязды және ашық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Алдағы үш күнде Қазақстанның барлық өңірі антициклон өрісінде болады, осыған байланысты күн ашық, ауа температурасы қалыптыдан 2-7 градусқа төмен болады. Тек солтүстік облыстарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауып, жел тұрады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ал температура осы маусымның көпжылдық орташа деңгейіне жақын болады", - делінген хабарламада.

Астана әкімдігінің сайтында 9 желтоқсанда бас қалада күннің көшпелі бұлтты болатыны, ал түнде және таңертең аздап қар жауатыны хабарланды. Батыстан, оңтүстік батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 17-19 градус аяз, ал күндіз - 13-15 градус аяз болады. 10 желтоқсанда күн көшпелі бұлтты болады, жауын-шашын болмайды, оңтүстік батыстан соғатын желдің жылдамдығы - 9-14 метр. Түнде температура 23-25 градус аяз, күндіз 11-13 градус аяз болады. 11 желтоқсанда ауыспалы бұлтты, күндіз қар жауады, оңтүстік батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, ал күндіз 15-20 метрге жетеді. Түнде 15-17 градус аяз, күндіз 7-9 градус аяз болады.

Осыған дейін Астанада ауа райы қандай болған жағдайда мектептер мен колледждерде сабақтардың тоқтатылатынын хабарлаған болатынбыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети