31 наурыз 2015 12:16

Қазақстанда әскерге шақырылуы тиіс қызметкерлерінің тізімін бермегендер жазаланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Әскерге шақырылуға міндетті қызметкерлерінің тізімін ұсынбаған қазақстандық кәсіпкерлерге айыппұл салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Әскерге шақырылуға міндетті қызметкерлерінің тізімін ұсынбаған қазақстандық кәсіпкерлерге айыппұл салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымның, оқу орнының және тұрғын үйлерді пайдалануға беруді іске асыратын ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен үй иелеріне - 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде, ұйымның, оқу орнының бірінші басшыларына - 15 АЕК, шағын кәсіп иелеріне - 20 АЕК, орта кәсіп иелеріне - 30 АЕК, ірі кәсіпкерлерге 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Сонымен қатар, бұдан өзге әскери-есеп жұмыстарына жауапты басшы немесе азамат қызметкеріне жергілікті әскери басқару органына шақыру туралы хабар бермесе 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

"ҚР Қылмыстық кодексі мен Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар әскери міндет, әскери қызмет және қорғаныс туралы тарауларды да қамтиды. Атап айтқанда, егер ұйым, оқу орны немесе кәсіпорын басшылары бастапқы әскери есепке тұру немесе шақыру учаскесіне тіркелуге жататын азаматтардың тізімін уақытылы жергілікті әскери басқару органдарына ұсынбаса олар айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2015 жылдың 1 сәуірінен бастап "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңына, сондай-ақ "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны басталады.

Еске сала кетейік, жыл сайын Қазақстанда әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы жасөспірімдер әскер қатарына шақырылады. 2015 жылдың көктемгі науқанында мерзімді әскери қызметке 29 мыңнан аса қазақстандық әскер қатарына шақырылады деп күтіліп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети