10 қараша 2016 15:51

Қазақстанда он ай ішінде 200-ден аса полиция қызметкері сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Биыл заңның "ала жібін аттаған" 200-ден астам полиция қызметкері сотталды, - деп хабарлайды 24 Хабар.


Биыл заңның "ала жібін аттаған" 200-ден астам полиция қызметкері сотталды, - деп хабарлайды 24 Хабар.

Бұл - соңғы он айдың көрсеткіші. Былтыр да дәл осындай статистика тіркелген. Жалпы ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңеске тәртіп сақшыларына қатысты жыл сайын 10 мыңдай шағым түседі. Полицейлердің заңсыз әрекеттеріне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтердің нәтижесінде қызметтік тексеріс жүріп, оның қорытындысы бойынша өткен жылы 92, ал биыл 50 адам жазаға тартылды. Бүгін бұл туралы журналистерге Қоғамдық кеңес мүшелері мәлімдеді.

"Полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне, қоғамдық тәртіпті бұзған полиция әрекетеріне келіп түседі шағымдар. Өздері әлеуметтік жағдайына байланысты соттың шешімдері заңды күшіне енбей жатып, тергеу бітпей жатып, жұмыстан шығарып жатқанға байланысты шағымдар түседі", - дейді Ішкі істер органдарының қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшесі Бақтияр Бүлеулиев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети