02 наурыз 2014 13:28

Қазақстанда бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақыны 3 жылға дейін созу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақыны 3 жылға дейін созу ұсынылды, деп хабарлайды "Наша газета". ҚКХП-ның Қостанай облысындағы филиалы "Әйелдерге қамқорлық - болашаққа қамқорлық" деген тақырыппен қоғамдық дискуссия өткізді. ҚКХП облыс филиалының төрағасы Алпысбай Әлімбаев жиын барысында Қазақстанда "аналарға дұрыс қамқорлық жасалмайтындығын және өкімет тарапынан қолдау көрсетілмейтіндігін", атап өтті. Сөзі дәлелді болуы үшін ол бірнеше мысалдар да келтірді. Төраға мемлекет тарапынан ай сайын аналарға жәрдемақы ретінде 10 186 теңге берілетінін, бірақ Қазақстанда күнкөріс көлемі кем дегенде 19 966 теңгеге шақ келетінін айтты. "Халық коммунистері" партиясының жетекшісі мемлекет тарапынан аналарға берілетін жәрдемақыны 3 жылға дейін созып, екінші туылған бала үшін жәрдемақыны 2 есеге көбейтуді ұсынды. Сондай-ақ жүкті аналарды жұмыс орнынан шығаратын мемлекеттік орындардың басшыларын қатаң жазалау керектігін қоса кетті. Бұл шаралардың қаржылық тұрғыда жүзеге асу үшін Әлімбаев бюжетте игерілмеген миллиардтаған теңгені қолдануды ұсынды. "Дөңгелек үстелге" жиналғандар бұл ұсынысты әр түрлі қабылдады, бірақ, жесір аналар мен түрлі жеңілдіктері бар аналарды қолдау керек екендігін толықтай бір ауыздан қолдады. Жиын барысында "Нұр Отан" және "Ақ жол" парламенттік партияларының өкілдері болды. Сондықтан да қаралған мәселелерді мәжіліс депуттарына жеткізілуі туралы келісімге де келген. Айта кетейік, 2013 жылдың қараша айында мәжіліс депутаты Тұрсынбек Өмірзақов премьер-министрге бала туылған сәттен бастап берілетін жәрдемақы көлемін арттыру туралы өзінің депутаттық ұсынысын айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети