Қазақстанда балаларына қатыгездік танытқан ата-аналардың жазасын қатаңдату ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай ұсынысты Парламенттің төменгі палатасының депутаты Әбдіманап Бектұрғанов айтты.
Қазақстанда балаларына қатыгездік танытқан ата-аналардың жазасын қатаңдату ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай ұсынысты Парламенттің төменгі палатасының депутаты Әбдіманап Бектұрғанов айтты.
Депутаттың балаларға зорлық-зомбылық көрсету мәселесі жайлы сауалы премьер-министрге жолданды.
"Интернетте адамдардың кішкентай балаларды мектептерде, балабақшаларда, отбасында және қоғамдық жерлерде ұрып-соғып жатқаны түсірілген видеожазбалар жарияланып жатыр. Осыдан балаларға қысым көрсетіліп жатады. Осындай жағымсыз насихаттаудың салдарынан соңғы кездері ересектердің балаларға зорлық-зомбылық көрсету жағдайлары көбейіп барады. 11 жастағы Өркен Азаматұлының өз өгей шешесінің қолынан қаза болғанын ойласақ, барлығымыз қорқып кетеміз", - деді Әбдіманап Бектұрғанов.
Осылайша, депутат осы мәселеге қатысты бірнеше ұсыныс айтты. "Қазіргі заңнамада әйелдерге көрсетілген зорлық-зомбылық жасағандардың жауапкершілік тартылатыны көрсетілген. Бірақ онда балаларға жасалған зорлыққа қатысты жауапкершілік мәселесі толықтай қарастырылмаған. Осыған байланысты ата-аналардың жауапкершілігін қатаңдату мәселесін қарау керек деп ойлаймын", - деді депутат.
Депутаттың айтуынша, мұғалімдер, сынып жетекшілер, психологтар және құқық қорғау органдарының өкілдері сабақ уақытынан тыс жерде ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды қарап жүруі керек.