Қазақстанда базалық зейнетақыны тағайындау тәртібі өзгеруі мүмкін

20 Сәуір 2015, 17:17
0
Қазақстанда базалық зейнетақыны тағайындау тәртібі өзгеруі мүмкін - © yk-news.kz
© yk-news.kz

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша Заң жобасын Мәжілісте таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, басты тұжырымдамалық өзгеріс қолданыстағы жинақтаушы жүйені еңбекақы қорының 5 пайызы мөлшерінде жұмыс берушілердің жарналары есебінен қалыптастырылатын жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышпен толықтыру және базалық зейнетақы тағайындау тәртібін өзгерту болып табылады.

Осылайша, ұсынылған Заң жобасын іске асыру нәтижелері бойынша азаматтардың зейнетақы төлемдері үш құрамдауыштан тұрады.

Біріншісі, республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін базалық зейнетақы. Заң жобасын құрастырғандардың айтуынша, бұл ретте, базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібін өзгерту бір жағынан кедейлікті қысқартуға, екінші жағынан азаматтардың зейнетақы жүйесіне қатысуын ынталандыруға бағытталған. Базалық зейнетақы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап жүйеге қатысу өтіліне байланысты азаматтар жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенде ғана тағайындалатын болады. Базалық зейнетақының мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жылды құраса және одан аз болса, ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 пайызына тең болады, оның мөлшері әрбір толық жыл үшін 2 пайызға артып отырады, ал қатысу өтілі 35 жыл болса - ең төмен күнкөріс деңгейіне тең болады.

Екіншісі, жұмыс берушілердің жарналары есебінен қалыптастырылатын шартты-жинақтаушы зейнетақы. Жұмыс берушінің 5 пайыз мөлшеріндегі жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қызметкердің шартты зейнетақы шотына есептеледі. Қызметкер зейнеткерлікке шыққан кезде оның зейнетақысының шартты-жинақтаушы бөлігінің мөлшері шартты жинақтарды күтілетін орташа өмір сүру ұзақтығына бөлу жолымен айқындалады. Зейнетақының бұл бөлігі өмір бойы төленеді және мұраға қалдырылмайды.

Үшіншісі, қызметкердің жеке жарналары есебінен 10 пайыз мөлшерінде қалыптастырылатын жинақтаушы бөлік. Бұдан басқа, Заң жобасында жинақтаушы зейнетақы жүйесінің параметрлерін жетілдіруге, халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылуын кеңейтуге, әлеуетті құрылымдардың қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыруды реформалауға бағытталған бірқатар шаралар көзделуде. Тұтастай алғанда, ұсынылып отырған өзгерістер 2030 жылға дейін зейнетақының экономика бойынша орташа айлық жалақыға арақатынасын 40 пайыздан кем болмайтын деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай