08 шілде 2015 16:42

Қазақстанда BBC мен CNN сынды телеарналар ашу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© interfax.ru © interfax.ru

Қазақстанда BBC мен CNN сынды ағылшын тіліндегі телеарналар ашу ұсынылды. Мұндай депутаттық сауалды мәжілісмен Жұматай Әлиев премьер-министрге жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда BBC мен CNN сынды ағылшын тіліндегі телеарналар ашу ұсынылды. Мұндай депутаттық сауалды мәжілісмен Жұматай Әлиев премьер-министрге жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан шетелдік компаниялар үшін қызықты бола бастады, ол біздің елге келіп жатқан шетелдік инвестицияның күн сайын өсіп жатқанын және мемлекеттің тұрақты саясатын көрсетеді. Бұл жетістіктің барлығы жарыққа шығуды талап етеді. Мысалы, Ресейде Russia Today телеарнасы бар, ол әлемнің көптеген еліне тарайды. Russia Today America мен Russia Today United Kingdom телеарналары Вашингтон мен Лондондағы жеке студиялары арқылы эфирге шығады. Russia Today телеарнасының тәулік бойы әлем бойынша 700 миллион көрермен үшін қолжетімді екені белгілі", - дейді Әлиев.

Оның айтуынша, әлемнің көптеген елінде имидждік саясатқа едәуір қаржы бөлінеді. "Қазақстанның позитивтік имиджі, оның отандық және шетелдік қоғамдық-саяси және іскерлік шеңбердегі беделі әлемдік аренада ұлттық мүддені ілгері бастыруға негіз болатын фактор және серіктестік қарым-қатынасты дұрыстауда маңызды ресурс бола алады", - деді ол.

"Осыған байланысты Russia Today, BBC және CNN сынды қосымша телевизиялық ағылшын тіліндегі телеарналар ашуды; шетел аумағындағы біздің радиохабарларды дамыту жоспарларын жетілдіруді; шетелге біздің елдің жетістіктерін жазып тарататын The Times, Die Welt, Daily Telegraph сынды қазақстандық басылымдарды ашуды ұсынамыз", - дейді мәжілісмен өзінің сауалында.

Сонымен қатар, депутат бұл жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік-жеке серіктестікті пайдаланып инвесторларды тарту керегін айтты.

Депутаттың ойынша, Қазақстанның позитивті имиджі жаңа инвестицияларды тарту арқылы әлеуметтік-экономикалық дамуды тездететін және туризмді дамытатын алғышарт бола алады.

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети