08 сәуір 2015 16:18

Қазақстанда Беларусь пен Ресей жұмыскерлері санының артқаны байқалып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© hostingkartinok.com © hostingkartinok.com

Қазақстанда Беларусь пен Ресей жұмыскерлері санының артқаны байқалып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мұндай мәлімет бүгін Еуразиялық экономикалық комиссияның жанындағы Көші-қон саясаты бойынша Консультативтік комитеттің үшінші отырысы барысында айтылды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстандағы Беларусь Республикасы жұмыскерлерінің саны - 1,6 есеге және Ресей Федерациясы жұмыскерлерінің саны 22 пайызға өскені байқалады. Ал 2014 жылы Беларусь Республикасында еңбек етіп жүрген қазақстандықтар санының - 3,9 есеге және Ресей Федерациясында 27 пайызға артқаны байқалған.

Отырыс барысында ЕАЭО шеңберінде жұмыскерлерді зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімі, ЕАЭО ішкі шекараларындағы шекаралық бақылауды жеңілдету, мемлекеттерде ЕАЭО Келісіміндегі "Жұмыс көші-қон" бөлімінің ережелерін тәжірибеде қолдану мәселелері қаралды. Сондай-ақ, Одақ шеңберінде жұмыс істеуге рұқсат алу талаптарын жою өзара көші-қон ағындарының динамикасына жағымды әсерін тигізеді деген ой-пікірлер айтылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанға келген Украина азаматтарының мұнай мен банк саласында жұмыс істеуді қалайтыны туралы хабарланған болатын. Қазақстанда мұнай мен банк саласында маман тапшы, сондықтан сырттан келушілер арасында тап осы саладағы мамандардың қатары басым. Былтырдан бері еңбек иммигранттарының елімізге келіп жұмыс істеуі бір жүйеге келтірілген болатын. Енді сырттан келетін азамат әр ай сайын екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде салық төлейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети