11 наурыз 2015 15:05

Қазақстанда билік өкілеттігі президенттен парламент пен үкіметке бөлінуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ank.kz ©ank.kz

Келешекте Қазақстанда билік өкілеттігі президенттен парламентке және үкіметке қайта бөлінуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Келешекте Қазақстанда билік өкілеттігі президенттен парламентке және үкіметке қайта бөлінуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Аталған бес бағыт бойынша оң нәтижелерге қол жеткеннен кейін жергілікті атқарушы органдарды тағайындау мен жалпы биліктің де жаңа жүйесі туралы мәселені шешу қажет. Осының бәрінен соң біртіндеп конституциялық реформа жүргізілуі керек, ол бізде қалыптасқан дәстүрді ескере отырып, әзірше біріктіріліп тұрған билік өкілеттігін президенттен парламентке және үкіметке теңдестіруді қарастырады", - деді Назарбаев "Нұр Отан" партиясының XVI съезінде. 

Билеуші партия съезі делегаттарының сайлауға кандидатураны ұсыну туралы сөздеріне келісім берген Нұрсұлтан Назарбаев бес реформаны қолға алу керектігін айтты, бұл реформалар Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға жағдай жасамақ. 

Олардың арасында, айталық, судьяларға біліктілік талаптарын қатаңдату мен ұлтаралық келісімді дамыту бар. Ол "этностар арасында ешқандай айырма болмауы керектігін" айтты. Президент Қазақстан біркелкілігін одан әрі нығайту қажеттігі туралы да мәлімдеді. Мемлекет басшысы полицей мәртебесін, олардың азаматтар алдындағы жауапкершілігін арттыруды атап өтті. Сондай-ақ Назарбаев барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерді түгел аттестациядан өткізу керектігін айтты. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети