Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Қазақстанда білім беру гранттарын тағайындауда қандай жаңашылдық енгізілді?

04 Тамыз 2016, 11:49
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директорының міндетін атқарушы Гүлзат Көбенова биыл білім беру гранттарын бөлгенде қандай жаңашылдықтың болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын бастады. 

"Алғаш рет 2016 жылы біліктілігін растаған және өз мамандығы бойынша кем дегенде бір жыл еңбек өтілі бар колледж түлектері барлық мамандық бойынша басымдыққа ие болады. (...) Екінші жаңа норма жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сонымен қатар ата-анасын жоғалтқан немесе кәмелетке жасқа жетпей ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жоғары оқу орнына түскенде квота беріледі", - деп хабарлады Көбенова.

Оның айтуынша, "Мемлекеттік жастар саясаты" заңына сәйкес, ҚР-ның 14 жастан 29 жасқа дейінгі азаматтары жастардың қатарына кіреді. Айта кетейік, квота алуға тек жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар емес, сондай-ақ 18 жастан асқан және 29 жасқа толмаған азаматтар, кәмелет жасына жетпей ата анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтар квота алу үшін конкурсқа қатыса алады.

Сонымен қатар, Гүлзат Көбенова мұндай квоталардың ауыл жастарына да берілетінін айтты. "Мемлекеттік жастар саясаты" заңына сәйкес, квота алу үшін конкурска 29 жасқа толмаған азаматтар қатыса алады.

"Бұл жаңа норма. Енгізіліп отырған жаңа норма ҚР азаматы емес, бірақ ұлты қазақ азаматтарға қатысты. Осыған дейін қазақ диаспорасының өкілдері мемлекеттік гранттарды екі пайыздық квота арқылы, яғни бәріне ортақ конкурс арқылы мемлекеттік гранттарды алатын. "Білім беру туралы" заңға сәйкес, тек азаматтығы жоқ түлектер конкурсқа қатысып, мемлекеттік грантқа ие болады. Ал шетел азаматтары мемлекеттік гранттарды беру конкурсына тек мемлекет аралық келісім болған жағдайда қатыса алады. Яғни, қазақ диаспорасының өкілдері белгіленген квотаның аралығында ғана білім беру грантына ие болады", - деп қорытындылады Көбенова.

Еске салайық, биыл 31 702 білім беру гранты бөлінді. Мемлекеттік тапсырыстың негізінде 87 жоғары оқу орнына мемлекеттік грант бөлінді. Айта кетейік, былтыр мемлекеттік грант 64 жоғары оқу орнына берілген болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай