1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда бір тәулікте 250-ден астам адам қар құрсауынан құтқарылды12 наурыз 2014, 11:15

©emer.gov.kz ©emer.gov.kz
Қазақстанда бір тәулікте 250-ден астам көлік жолаушылары қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі еліміздің ТЖМ сілтеме жасап. Ақмола облысының "Державинск-Арқалық" тас жолында он жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Онда 26 адам, бір сәби болған. Құтқарушылар көлікті сүйреп, елдімекенге дейін шығарып салған. "Баршино-Қорғалжын" трассасында да қар құрсауында қалып қойған бес жеңіл автокөлік (оның ішінде 20 адам) қауіпсіз жерге көшірілді. "Астана-Қоянды" автожолында ішінде 18 жолаушысы бар жеті автокөлік құтқарылды. "Макинск-Степногорск" тас жолында бір автобус, төрт жеңіл автокөлік және екі жүк көлігі (26 адам) қар құрсауында қалып қойған. Қостанай облысының "Жезқазған-Петропавловск" тас жолында 11 жеңіл автокөлік пен екі жүк көлігі қар құрсауынан құтқарылған. Онда 30 адам болған. "Арқалық-Торғай" тас жолында құтқарушылар 15 жеңіл автокөлік, 13 жүк көлігі және екі автобусты (85 адам) қар құрсауынан шығарған. "Қостанай-Қарабұтақ" автожолында 34 жеңіл автокөлік (оның ішінде 57 адам) қар құрсауынан құтқарылған. Зардап шеккендер жоқ.