17 мамыр 2014 10:27

Қазақстанда бір тәулікте 6 адам суға батып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

 vesti.kz сайтынан vesti.kz сайтынан

 Қазақстанда бір тәулікте әртүрлі су қоймаларында  6 адам суға батып кеткен, олардың төртеуі жасөспірімдер, деп хабарлайды Tengrinews.kz ТЖМ сайтына сілтеме жасай отырып. 


 Қазақстанда бір тәулікте әртүрлі су қоймаларында  6 адам суға батып кеткен, олардың төртеуі жасөспірімдер, деп хабарлайды Tengrinews.kz ТЖМ сайтына сілтеме жасай отырып. 

Батыс Қазақстан облысындағы Мичурин ауылында 16 мамыр күні 1987 жылы туған азамат суға батып кетті. Оның денесін облыстың ТЖД құтқарушылары судан алып шықты. Ақмола облысы Қабанбай ауылында Нұра өзеніне 1969 жылы туған әйел адам батып кеткен. Сол күні ТЖМ құтқарушылар қызметі әйелдің мәйітін судан алып шықты. 

16 мамыр күні кешке қарай Атырау облысы Жұмыскер ауылында Орал өзенінде 15 жастағы жасөспірім бала суға кетіп қайтыс болды, осы облыста Арнау ауылында Орал өзеніне 20.58-де 14 жастағы тағы екі жасөспірім батып кеткен. Олардың мәйітін де облыстың ТЖД қызметкерлері судан алып шықты. 

15 мамыр күні Қостанай облысында Александрополь ауылында су қазандығына түсіп 2000 жылы туылған жасөспірім қайтыс болды. Оның денесін жергілікті тұрғындар 16 мамыр күні таңғы 07.00-де судан шығарып алды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети