Қазақстанда бірнеше рет ұрлық жасағандарға жаза күшейтіледі

31 Қаңтар, 11:41
0
Қазақстанда бірнеше рет ұрлық жасағандарға жаза күшейтіледі - © 56nv.ru
© 56nv.ru

Қазақстанда енді бірнеше рет ұрлық жасағандарға жауапкершілік күшейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктегілердің мәліметінше, Заң аясында Қылмыстық кодекске ұрлықты қайталағаны үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейтін түзетулер енгізілді.

Түзетулерге сәйкес, бірнеше рет жасалған ұрлық "ауырлығы орташа" қылмыс санатынан "ауыр қылмыс" санатына ауыстырылды. Бұл айыпталушыны тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкіндігінен айырады екен.

"Бұған дейін бірнеше рет жасалған ұрлық үшін айыппұл немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілей отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жауапкершілік қарастырылған еді. Енді бірнеше рет жасалған ұрлық үшін 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілей отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік қарастырылады", - деп хабарлады министрліктегілер.

Заңға енгізілген түзету осы жылдың 2 ақпанынан бастап күшіне енетіні айтылады.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай