05 қыркүйек 2019 09:45

Қазақстанда бүгін жел соғып, тұман түседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік циклонның шығуына байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады - кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, тек батыста және оңтүстікте күн суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

5 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз дауыл болады, желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін жетеді.

Қостанай облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел секундына 15-23 метрге дейін күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерлерінде жел секундына 15-25 метрге дейін күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз бұршақ жауады.

Қызылорда облысында кей жерлерде дүлей соғып, Павлодар облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жауады.

Түркістан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облыстарында, Алматы және Ақтөбе облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети