09 мамыр 2017 08:24

Қазақстанда бүгін - Жеңіс күні

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Liter.kz © Liter.kz

9 мамырда Қазақстанда Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 72 жыл толуына орай Қазақстанда мерекелік шаралар өтеді.


9 мамырда Қазақстанда Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 72 жыл толуына орай Қазақстанда мерекелік шаралар өтеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бүгінде, республикада 2 776 ҰОС қатысушысы мен мүгедегі тұрып жатыр. 157 679 тыл еңбеккерлері, Ленинград блокадасынан өткен 194 адам, конлагерь, гетто және мәжбүрлеп ұстау орындарында тұтқында болған кәмелет жасына толмаған 487 адам, ҰОС-тың қаза болған 7 806 жесірі, қайта тұрмыс құрмаған 80 адам, Жеңіске үлесін қосқан тағы да 778 азаматтың категориясы бар.

Айта кетейік, қала әкімдігінің мәліметтеріне сәйкес, елордада ҰОС 121 ардагері тұрады. Соның ішінде 99 адам - соғысқа қатысушы, 22 адам - мүгедек. Олардың барлығына Жеңіс күні қарсаңында 500 000 теңге көлемінде бірреттік төлем берілді.

Жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тұлғалар 20 000 теңге көлемінде бір реттік төлемақы алды; соғысқа қатысушыларға теңестірілгендерге 10 000 теңгеден бөлінді. Белгіленген ережеге сәйкес, ҰОС ардагерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға 400 миллион теңгеден астам жалпы соманың түрлі әлеуметтік көмегі қарастырылған: коммуналдық қызметтерді төлеуге ай сайынғы ақшалай өтемақы төленеді, және санаторлық-курорттық ем-дом мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қарастырылған.

9 мамырға орай еліміздің әр өңірінде ардагерлерге қандай төлем жасалады?

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети