22 қараша 2019 09:12

Қазақстанда былтырдан бері өндірістік жарақат салдарынан 332 адам мерт болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрынан Видео кадрынан

Қазақстанда былтырдан бері өндірістік жарақат салдарынан 332 адам мерт болған. Мұндай қорқынышты статистиканы еліміздің Кәсіподақтар федерациясы беріп отыр. Мамандардың айтуынша, көз жұмғандардың дені тек қауіпті өндірістік ошақтарда емес. Анықталғаны, бюджеттік ұйымдарда да қауіпсіздік қағидалары дұрыс сақталмай келеді, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Қазақстанда былтырдан бері өндірістік жарақат салдарынан 332 адам мерт болған. Мұндай қорқынышты статистиканы еліміздің Кәсіподақтар федерациясы беріп отыр. Мамандардың айтуынша, көз жұмғандардың дені тек қауіпті өндірістік ошақтарда емес. Анықталғаны, бюджеттік ұйымдарда да қауіпсіздік қағидалары дұрыс сақталмай келеді, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бетін жасыруын өтінген азамат биыл жазда жездесінен айырылған. Марқұм туысы Алматы қаласындағы құрылыстардың бірінде күзетші болып жұмыс істепті.

"Жездеміз марқұм бәріміз күзет қызметінде істедік. Төменде топырақ тиеген көлік келді. Сол сәтте жездем марқұм қақпаны ашқан. Қасында көлікті айдайтын жігіт болған. Сонымен сөйлесіп тұрған кезінде жел тұрып кетеді де, биіктен әйнек құлап, басын шауып кетеді. Сонда бір жігіт рациямен шығып, "Құрмаш ағаның басына әйнек құлап кетті" деп хабарлайды. Мен шығам дегенше әлгі кісі жоқ, кетіп қалған. Бірақ басында каска болмаған. Онысы айдан анық", - дейді өндіріс орнында көз жұмған азаматтың қайнысы.

Қайғылы жағдайдан кейін жүргізілген тергеу мен сараптаманың нәтижесі жұмыс берушінің кінәсі 100 пайыз екенін көрсеткен. Өндірістік жарақат салдарынан көз жұмғандар бойынша дерек жаға ұстатады. Ал, былтыр Қазақстанда жұмыс істеп жүрген жерінен көз жұмғандардың саны 221 адамды құрады. Жағымсыз статистиканың көш басында - Шымкент қаласы. Ал ең төмен көрсеткіштер Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында. Сарапшылардың айтуынша, ол жердегі өндірістік ошақтарда шетелдік үлескерлер болғандықтан, қауіпсіз жұмыс қағидаттарына басымдық беріледі.

Өндірістік жарақаттан мерт болғандардың саны сондай-ақ елордада да көп. Басым бөлігі құрылыс нысандарында орын алған екен. Мәселен, былтыр дәп осы құрылыс саласында еңбек етіп жүрген 15 адам жағымсыз сан-деректі толықтырған.

"Қайғылы жағдайлардың басым бөлігіне жұмыс берушілер кінәлі. Бұл ретте нұсқама беру мен еңбекті қорғау бойынша біліктілікті жоғарылатуды ғана айтып тұрғаным жоқ. Жұмыс берушілер, көп кезекте, ескі-құсқы құрылғыларды жаңарту жайын да ойламайды. Істен шыққан жабдықтарды дер кезінде ауыстырмайды. Салдарынан, саймандары ұшып кетіп, жұмысшыларды жаралап, мертіктіріп жатады", - деді ҚР Кәсіподақтар федерациясы Әлеуметтік-экономикалық қатынастар және әлеуметтік серіктестік комитеті еңбекті қорғау және еңбек даулары секторының меңгерушісі Дәрмен Сәкенов.

Мәселені шешу үшін Кәсіподақтар Федерациясы жұмыс берушілердің модернизация жасауы үшін преференциялар қарастыруды ұсынып отыр. Ал жүгенсіз жұмыс берушілер жазаланып жатыр.

"Былтыр қарапайым қауіпсіздік қағидаттарын бұзғандарға жалпы 402 миллион теңге айыппұл салынды. 672 мың адамға 107 миллиард теңге өтемақы төленді. Қылмыстық жауапкершілікке жыл сайын 3-4 адамнан тартылады", - деді ҚР Кәсіподақтар федерациясы Әлеуметтік-экономикалық қатынастар және әлеуметтік серіктестік комитеті еңбекті қорғау және еңбек даулары секторының меңгерушісі Дәрмен Сәкенов.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов түйткілдің министрліктің басты назарында тұрғанын жеткізді.

"Кез келген жарақат, мүгедектік боп қалу, өмірден өтіп кету, бұл статистика емес, бұның бәрі - орны толмас қайғы. Бейбітшілік кезде елдер соғыссыз-ақ өндірісте көз жұмып жатыр. Сондықтан бұл - біздің министрлікте бақылауда тұрған үлкен өзекті мәселелердің бірі. Тексерістер жүргізіліп, жаппай қоғамдық бақылау жүргізіліп жатыр", - дейді Біржан Нұрымбетов.

Министр еңбек шартсыз барып жатқан жұмысшы келешекте бүкіл әлеуметтік қорғау жүйесінен тыс қалатынын алға тартады. Мәселен, зейнетке шыққанда еңбек өтілі есептелмейді. Медициналық міндетті сақтандыру енгізілгенде ем-домнан қағылады. Ал жұмыс барысында кез келген оқыс жағдайда еңбек ету қабілетінен айырылып қалса, әлеуметтік төлем төлеебейтінін естен шығармаған абзал дейді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети