Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Қазақстанда дәрігерлерді оқыту гранты қысқарады

22 Сәуір 2015, 17:20
0
© РИА Новости
© РИА Новости

Мемлекеттік білім беру аясында Ауғанстан студенттеріне медициналық мамандықтар мен мәдениет саласындағы студенттерге бөлінетін грант санын қысқарту жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Ғылым және білім министрлігінің өкілдері Tengrinews.kz тілшісінің арнайы сұрағына жауап бере отырып хабарлады. 2015-2016 оқу жылында бакалаврға 32 168 грант бөлінеді. Бұл былтырғыдан 2000-ға аз.

2014-2015 оқу жылында 34 165 грант бөлінді. "Бакалавр бағдарламасы бойынша ауғанстандық студенттерді медициналық мамандықтарға қабылдау 1000 орынға, мәдениет мамандығы бойынша 770 орын қысқарды", - делінген хабарламада. Айта кетейік, Ауғанстан азаматтарын оқуға қабылдау шетел мемлекетімен келісімді түрде жүзеге асты. Білім министрлігі жоғарғы оқу орындарына гранттардың бөлінуі туралы статистиканы ұсынды. 2011-2013 оқу жылында 33 771 студент тегін оқуға қабылданды. 2012-2013 жылында 32 035 студент, 2013-2014 оқу жылында 32 573 студент жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алған. 2014-2015 оқу жылы олардың саны 31 635 болды.

Айта кетейік, барлық жоғарғы оқу орындарында ақылы оқитындардың санын қысқарту ұсынылды. Мысалы, Назарбаев Университетінде 150 адам ақылы білім ала алады. Мемлекеттік бюджеттен 700 дайындау тыңдарманы мен 550 негізгі бөлім студенттерін дайындау жоспарланып отыр. Былтыр осы екі бөлімге 545 және 550 грант бөлінді. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттен 7241 магистрант пен 623 докторантура мамандығын дайындауға қаржы бөлінді. Ведомство мамандары қай мамандыққа нақты қанша гранттан бөлінетіндігінің әлі нақты шешілмегенін айтты. Еске сала кетейік, былтыр гранттар туралы тағайындауға 2014 жылдың 31 мамырында қол қойылды.

Білім министрлігі, сонымен қатар, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің оқытылуы туралы да айтып кетті. Биыл бюджеттен 5358 орын бөлуді жоспарлап отыр. Жалпы алғанда ТжКБ ұйымы жыл сайын 85 мың студентке тегін білім ұсынады. Яғни, 2012-2013 оқу жылында 84 215, 2013-2014 - 87 845, 2014-2015 - 87 113 студент грантқа ие болды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай