04 тамыз 2017 14:07

Қазақстанда допинг үшін қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда допинг қолданған спортшыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң жобасы дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанда допинг қолданған спортшыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң жобасы дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Әлемдік аренада жоғары спорттық жетістіктерге жету үшін ҚР-ның допинг туралы заңына допинг қолданғану үшін қатаңдатылған қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік енгізу қажет. Бірінші кезекте халықаралық допингке қарсы нормаларға сай болу үшн тыйым салынған дәрмектер мен бөлінетін субсидиялар үшін жауапкершілікті арттыру керек", - дейді Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев. 

Заң жобасы бойынша, допинг қолданған спортшы ұлттық құрама сапынан шеттетіледі. Сонымен бірге, ол үкімет тарапынан берілген барлық сыйақы, пәтер мен төлемдерді қайтару керек болады. 

"Допинг қолдану спортшының денсаулығына да зиян. Допинг қолдану дауға ұласып, Қазақстан спортының атына кір келтіреді. Допинг қолданғандардың 90 пайызы ұлттық құрама мүшелері екенін атап өту керек. Яғни оларды жаттықтыруға мемлекет үлкен қаржы және адам ресурстарын жұмсайды. Ал допинге қарсы әлемдік тәжірибе онымен күрес мәмілесіз екенін көрсетіп отыр", - деп аяқтады ол. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети