25 мамыр 2015 15:05

Қазақстанда ЕАЭО-ға арналған пошта маркасы шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі © "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі

Қазақстанда ЕАЭО-ға арналған пошта маркасы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Марка "Ұмытылмас және мерейтойлық даталар" сериясымен шығарылған.


Қазақстанда ЕАЭО-ға арналған пошта маркасы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Марка "Ұмытылмас және мерейтойлық даталар" сериясымен шығарылған.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, марка 5100 данамен шықты, номиналы - 100 теңге. Төрт бояулы офсетті баспа, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі - маркалы парақ. Парақтың өлшемі 156 х 144 миллиметр. Марканың өлшемі 52 х 36 миллиметр. Парақта 6 марка. 

"Бұл сериядағы маркалар филателисттердің арасында өте танымал. Себебі маркалардың тақырыптары ең маңызды ұлттық және халықаралық іс-шараларға, мерекелерге, Қазақстан Республикасының көпұлтты мемлекеттік жүйесіне, естелік және көрнекті тұлғалардың мерейтойларына және тарихқа қатысты", - дейді "Қазпошта" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азат Машабаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда Жеңістің 70 жылдығына арналған пошта маркаларының шыққаны хабарланған болатын. Ол кезде "Естелік және мерейтойлық даталар" сериясындағы әрбір марканың құны 200 теңге болды. Маркаларда Рақымжан Қошқарбаев (Халық Қаһарманы), Мәншүк Мәметова (Кеңес Одағының Батыры), Иван Панфилов (Кеңес Одағының Батыры) бейнеленген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети