14 қазан 2014 18:14

Қазақстанда еңбек ететін әрбір үшінші мигрант айлық табысын 20 мың теңге деп көрсеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ridus.ru сайтынан алынды Фото ridus.ru сайтынан алынды

Қазақстанда еңбек ететін әрбір үшінші мигрант өз табысын 20 мың теңгенің мөлшерінде көрсеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Ішкі істер министрлігі көші-қон полициясы департаментінің бастығы Серік Саиновтың мәліметтеріне сілтеме жасай отырып.


Қазақстанда еңбек ететін әрбір үшінші мигрант өз табысын 20 мың теңгенің мөлшерінде көрсеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Ішкі істер министрлігі көші-қон полициясы департаментінің бастығы Серік Саиновтың мәліметтеріне сілтеме жасай отырып.

"Мигранттардың 50 пайызға жуығы ай сайынғы табыстарын 40 мың теңге деп көрсеткен. 38 пайызы ай сайын 20 мың теңге көлемінде табыс табатындарын айтса, 10 пайызы  60 мың теңге, ал 1,5 пайызы 100 мың теңге табыс табатындарын айтып отыр" - деді Серік Саинов Мәжілістегі "Нұр Отан" партиясы фракциясының жанындағы әлеуметтік кеңестің отырысында.

Саиновтың жобалауынша, тіркелген мигранттардың табысынан ел бюджетіне шамамен 600 млн теңге түскен. (бұл деректер сәуір айында яғни 5 ай бұрын анықталған). "Бірақ бұл тізімге тіркелмеген бейресми мигранттардың табысы қосылмады" - дейді департамент басшысы.

Жалпы, бес айдың ішінде еңбек мигранттарының елде жұмыс істеуіне  61 мыңға жуық рұқсат берілген. Бірінші кезекте 49 мыңға жуық мигрант, артынша 1199 мигрант рұқсат алған. Олардың ішінде - Оңтүстік Қазақстан облысының көрсеткіші 32 пайыз, Атырау 18 пайыз, Алматының үлесі 10 пайызды құрап отыр.

Мигранттардың 96 пайызы Өзбекстаннан келсе, Әзірбайжаннан - 673 адам, Тәжікстаннан - 614 адам, Қырғыз елінен – 561 адам Қазақстанға келіп жұмыс істейді. Сондай-ақ, Армения ( 225 адам), Грузия ( 95 адам), Украина (36 адам) және Молдаван (2 адам) елдерінен келетін мигранттарға да елде жұмыс істеуге рұқсат берілген. Жұмыс істеуге рұқсат алған мигранттардың 93 пайызы яғни 56 мыңы ер адамдар, ал қалған 4,5 мыңы әйелдер.

"Мигранттардың 86 пайызы (52 мыңы) құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат сұраса, 5 пайызы (3 мыңы) жекеменшік үйлерде аула жұмысын істеуге рұқсат алған. Ал бала бағып, науқас адамдарды күту үшін мигранттардың 3,5 пайызы, аспазшы болуға 2,5 пайызы, тағы басқа жұмыстарды істеуге 2,1 пайызы рұқсат алды" - дейді Серік Саинов.

Ол сондай-ақ, мигранттарға ел ішінде жұмыс істеуге рұқсат берілетін ең ұзақ мерзім үш ай екенін де айтып өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети